ХҒС-қа ұшатын жаңа экипаж Байқоңырға келді

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық ғарыш стансасына жаңа экспедицияға ұшатын экипаж мүшелері Байқоңырға келді.
None
None

Байқоңыр қаласының «Крайний» әуежайында Александр Скворцов, Олег Артемьев және Стивен Свонсонды, сондай-ақ олардың дублерлары Александр Самокутяев, Елена Серова және Барри Уилморды «Байқоңыр» ғарыш кешені басшылығының өкілдері қарсы алды.

Ұшуға дайындық ережелеріне сәйкес экипаждың негізгі және қосалқы мүшелері Байқоңыр ғарыш айлағына бөлек әуе борттарымен жетіп, «Космонавт» оқу-жаттығу орталығына аттанды. Мұнда олар ұшуға дайындалады.

«Роскосмостың» баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін таңертең Байқоңырға ұшар алдында ХҒС-39/40 экспедициясының ғарышкерлері мен астронавтарын салтанатты түрде шығарып салды.

Халықаралық экипажы бар «Союз ТМА-12М» ұшу кемесін 2014 жылы 26 наурызда ұшыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар