ХІХ ғасыр басында қанша қазақ болған – князь Волконский есебі

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform агенттігінің тілшісі қазақ халқының демографиялық деректері туралы ақпаратты қамтитын қызықты тарихи деректі – Орынбор губернаторы князь Г. Волконскийдің осыдан 2 ғасыр бұрынғы қазақтардың саны туралы жазбасын оқырман назарына ұсынады.

Золотая Орда, Улус Джучи
Фото: видеодан алынған скрин/«Орда» teleprogramma.pro/youtube.com

XVIII ғасырдың соңы мен ХIХ ғасырдың басындағы қазақтардың санына қатысты деректер көп емес. Сондықтан да ресейлік Сыртқы істер және әкімшілік басшылары алқасы шенеуніктерінің есептері, тізімдемелері, хабарламалары және өзге де құжаттары айрықша қызығушылық тудырады. Мұның үстіне, бұл деректердің қазақ рулары өкілдерімен тікелей сөйлесу және сауал алу негізінде құрастырылғанын да ескерген жөн. Мұндай құжаттардың бірі – 1805 жылы құрастырылған қазақтардың саны туралы Орынбор губернаторы князь Г. Волконскийдің жазбасы.

Князь Волконский Григорий Семенович 1803 жылдың шілдесінде Орынбор әскери губернаторы болып тағайындалды. 1804-1805 жылдары ол Орынбор губерниясын екі мәрте тексеріп шығып, «Үш орда қазақтарының сауда түрлерін көрсете отырып, олардың саны туралы хабарлама» әзірледі. Онда рулардың саны, барлық үш жүз қазақтарының отбасылары, сонымен қатар көрші халықтармен сауда қарым-қатынасы сипатталған. «Әдетте Ұлы, Орта және Кіші ордаға бөлінетін қырғыз-қайсақтар туралы» жазбада қазақ руларының құрамы туралы мәліметтер, отбасыларының саны, 1805 жылғы жағдай бойынша оларды басқаратын сұлтандар мен старшыналардың аты-жөні берілген.

Үлкен орда қазақтары (Ұлы жүз)

Дулат руы 4 тармаққа бөлінеді, 40 мың отбасыға дейін. Айрықша старшындармен бірге хан атынан Әділ сұлтан басқарады.

Сіргелі руы 5 тармаққа бөлінеді, 20 мың отбасыға дейін. Старшындармен бірге Ерәлі Бөкеев сұлтан басқарады.

Сары үйсін 2 тармаққа бөлінеді, 70 мың отбасыға дейін. Старшын Сары батыр үзеңгілестерімен басқарады.

Қаңлыларды Әуже Мәмет батыр басқарады.

Орта орда

Наймандар, 35 мың отбасыға дейін. Қытай сарайынан «ван» шенін және марапат алған хан Баба сұлтан басқарады.

Арғындар 30 мың отбасыға дейін. Тіленші би, Шоң би, Үбайдолла би, ал оларды Бөкей, Ебіней сұлтандар басқарады.

Тарақты руы 4 мың отбасыға дейін. Баққозы батыр үзелеңгелестерімен басқарады.

Қоңырат руы 15 мың отбасыға дейін. Құлан би, Талқан батыр, Жаанбай би, сұлтан Айшуақ Есімов басқарады.

Арғын руы 9 мың отбасыға дейін. Бақұл мен Қараменді байлар басқарады. Арғындардың екі тармағы 11 мың отбасыға дейін. Уәли Абылай хан мен старшындар Құлбек, Байжігіт, Ақан би басқарады.

Қанжығалы руы 2 мың отбасыға дейін. Қайып сұлтан басқарады.

Қыпшақтар 2 мың отбасыға дейін. Старшын Төлеген батыр басқарады.

Керейлер 1 000 отбасыға дейін. Старшын Бекболат басқарады.

Қыпшақ руының 4 тармағы 3 мың отбасыға дейін старшын Намеетек пен Шимұрат басқарады.

Ұзын қыпшақ руының 6 тармағы 2 000 отбасыға дейін. Маңғыбай батыр басқарады.

Бағаналы руының 12 тармағы 6 мың отбасыға дейін Түрікмен би, Тулақ батыр, сұлтан Тоқтамыс батыр басқарады.

Наймандардың 4 тармағы 4 мың отбасы. Өтеміс батыр басқарады.

Тобықты руының 2 тармағы 2 мың отбасы. Маман би, Жанбай би, сұлтан Керәлі батыр басқарады.

Орта орданың 100 тармағында 159 400 отбасыға дейін, Кіші ордада 165 700 отбасыға дейін, Кіші ордада 69 900 отбасыға дейін. Үш ордада – 395 000 отбасы, адам саны – 1 млн 200 мың.

Осылайша, князь Волконский дерегіне сәйкес, қазақтардың жалпы саны - 1 млн 200 мың адам болған.

Салыстыру үшін аталған кезеңдегі өзге де дереккөздерінің мәліметтерін келтіруге болады. Мәселен, уфалық билеуші өкілі О.А. Игельстром (1784-1792 ж.ж.) қызықты деректер келтіреді. Ол «Қырғыз-қайсақтар туралы қысқаша сипаттама» атты еңбегінде (1785 ж.) қазақтардың Үлкен, Орта және Кіші ордаға бөлінетіндігін, халық соғыс бола қалған жағдайда Үлкен ордадан 20 мыңға дейін, Орта ордадан 40 мыңға дейін, Кіші ордадан 60 мыңға дейін жасақ шығара алатындығын жазады. Демек, Игельстром дерегіне қарағанда, қазақ халқының саны 700 мың адамнан асып жығылған.

1807-1809 жылдары Я.П. Гавердовский қазақ халқының тарихына қатысты «Қырғыз-қайсақ даласына шолу» делінген қызықты ғылыми жұмысының «Қырғыз-қайсақ ел мен халқының сипаттамас» атты екінші бөлімін жазып шықты. Автордың мәліметінше, Үлкен орданың 13 тармағында 70 мың отбасы, Орта орданың 99 тармағында 169 400 отбасы, ал Кіші орданың 219 тармағында 169 500 отбасы бар. Бұл ретте бір отбасыда 20-дан астам адам болған. Демек, бұл автордың дерегінше, қазақтардың саны 3 млн-ға жуықтайды.

Еске салсақ, Ғылыми институттың кіші ғылыми қызметкері Әбілбек Қаратаев Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан туралы айтып берген болатын.

Соңғы жаңалықтар