ХХ ғасыр мәдениет, әдебиет пен ғылым үшін әрі аса зор жетістіктерімен, әрі үлкен қасіретімен ерекшеленеді - Сейіт Қасқабасов

АЛМАТЫ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өткен заманның табыстарының бірі - 1934 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының құрылуы. Сол күннен Қазақ филиалының әдебиет және фольклор секторы өз жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Қазіргі әдебиеттану, өнертану және фольклортанудың өзекті мәселелері" деп аталатын халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда айтылды.
None
None

"1946 жылы Қазақ КСР ҒА құрылғанда Тіл және әдебиет институты өз алдына жеке отау тігіп, қазақтың тілі мен әдебиетін кеңірек зертеуге бет бұрды. 1961 жылы Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ісмет Кеңесбаев сынды Одаққа танымал ғалымдардың бастамасымен Тіл және өнер институты екіге бөлініп, Әдебиет және өнер институты ашылды", - дейді М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА Академигі, филология ғылымының докторы Сейіт Қасқабасов.

Ғалымның айтуынша, тәуелсіздік жылдарындағы институт ғалымдарының қол жеткізген табыстарын өз ішінен екіге бөліп сөз етуге болады. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында әдебиеттің ақтаңдақ беттері мен кеңестік дәуір тұсында біржақты бағаланған рухани мұралар жаңаша көзқараспен зерттеле бастады. 2002-2004 жылдары жаңа тақырыптарды зерттейтін бөлімдер ашылды. Онда әлем әдебиеті және халықаралық байланыс, ежелгі және орта ғасыр әдебиеті, абайтану және жаңа әдебиет, театртану, өнертану, тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет мәселелері зерттеле бастады. Қолжазба және текстология, әдебиет теориясы және әдістемесі, музыкатану, "М.Әуезов" үйі ғылыми-мәдени орталығы жұмыс істеді. Қазіргі таңда ғылыми зерттеу жұмыстары фольклортану, әдебиеттану, өнертану ғылымдары бойынша жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар