ХХ жазғы Азия ойындарының ашылуына 10 күн қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияда өтетін ХX жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына небәрі 10 күн қалды.
Азия ойындары ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, баскетбол, футбол, заманауи бессайыс, волейбол, крикет және допты хоккей сияқты спорт түрлерінен іріктеу жарыстары ашылу салтанатына дейін басталады, ал баскетбол матчтары 10 қыркүйек күні өтеді.
Kyodo News ақпарат агенттігі хабарлауынша, Азиядаға қатысатын шетелдік спортшылардың алдыңғы легі Жапонияға келе бастады. Ең алдымен Иордания мен Оңтүстік Кореядан келген спортшылар 6 қыркүйек күні Айчи префектурасының Чубу халықаралық әуежайына келіп жетті.
Еске салайық, ХX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді, ойындардың ұраны — Imagine One Asia («Біртұтас Азияны елестет»).
Ойындарда 43 спорт түрінен 469 медалдар жиынтығы сарапқа салынады. Азия құрлығының 45 елі мен аймағынан 11 000-нан астам спортшы, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының шамамен 6000 делегациясы мен лауазымды тұлғалары қатысады деп жоспарланған.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен сынға түсуді жоспарлап отыр. Құраманың алдын ала тізіміне 571 спортшы енген. Бұл Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарындағы көрсеткіштен жоғары. Ол кезде Қазақстан атынан 523 спортшы өнер көрсеткен еді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.