ХІ Еуразия медиа форумы өз жұмысын аяқтады

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында екі күн қатарынан өткен ХІ Еуразия медиа форумы өз жұмысын аяқтады.
None
None

«Екі күнге жалғасқан пікіралмасулар қызықты әрі ашық өткенін, сондай-ақ баршамыз үшін пайдалы болғанына барлықтарыңыз менімен келісесіздер деп ойлаймын. Атап айтқанда талқылаулар барысында спикерлердің қарама-қарсы көзқарастарын да байқадық. Әр сессияның барысында қызу пікіралмасулар болды. Бұл тұрғыда осылай өткеніне мақтан тұтамыз, себебі біз спикерлерді дұрыс іріктей алдық. Олар түрлі тақырыптарда өздерінің терең ойларымен бөлісті»,-деді аталған форумның Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева форумның жабылуы рәсімінде.

Осы орайда ол биылғы форумның бағдарламасында қазіргі заманғы халықаралық саясатта және БАҚ өміріндегі өзекті әрі өткір проблемаларға назар аурылғанын атап өтті.

«Қазіргі заманғы адам геометрия, химия және алгебрадағы секілді ақпараттық кеңістік қыр-сырын ажырата білуді қажетсінеді. Медиа сауаттылық курсын енгізу керек. Менің ойымша, балабақшадан бастап та енгізу керек шығар»,-деді Д. Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар