Хичкоктың дыбыссыз кино туындылары ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Атақты режиссер Альфред Хичкоктың кино туындылары ЮНЕСКО-ның «Әлем естелігі» бағдарламасының британиялық тізімін толықтырды.
Оған майталманның 1925 - 1929 жылдар аралығында жасаған 9 дыбыссыз туындысы енген. Оның ішінде Хичкоктың тырнақалды еңбегі толық метражды «Сад наслаждений» туындысы да қамтылды.
Британ кино институты мұрағат қызметкерлерінің күшімен қайта қалпына келтірілген ленталар алдымен бірқатар халықаралық фестивальдерде паш етілді. Барлық туындылар Еуропа мемлекеттерінде және АҚШ-та көрсетіледі деп жоспарланып отыр.