Хиддинк Ресей құрамасымен жұмысын жалғастыруы мүмкін
МӘСКЕУ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - Гус Хиддинк Ресей құрамасымен жұмысын жалғастыруы мүмкін.
Бұл туралы жаттықтырушы 2010 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі өз жоспарларына қатысты берілген сауалға жауап бергенде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Спорт-экспресс» басылымына сілтеме жасап. «Өте күрделі сұрақ қойдыңыздар. Мен жас емеспін. Денсаулығыма байланысты болады. Мұндай жұмыс үшін мол қуат, зор денсаулық керек екенін айтпай-ақ білесіздер. Тиісті шешім қабылдауға жауапты адамдар үлкен жұмысқа мүдделі екендерін білдірсе, бәрі де мүмкін. Олай болмаған жағдайда, бастаған істі жалғастыру қиынға соқпақ», - деді голландтық жаттықтырушы берген жауабында.