Highvill-ге ақылы автотұрақ ашуға кім рұқсат берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Highvill тұрғын үй кешеніне қызмет көрсетіп жатқан "Highvill service" компаниясы ақылы автотұраққа қатысты түсініктеме берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Е-1 блогына қарсы бетте бір жер учаскесі бар. Оның заңды иесі - "Highvill Kazakhstan" ЖШС. Азаматттық кодекске сәйкес, компанияға аталған жер учаскесін иелену және басқару құқығы берілген. Мемлекеттік органның тиісті рұқсат қағазы да бар. Жерді пайдаланудың негізгі мақсаты - тұрақ орындарын ашу. Бұрын құрылысқа арналған еді. Биыл компания оны пайдалану мақсатын өзгертті. Енді, ол жерде ақылы тұрақ аша ма, оны тегін қыла ма, оны иесі өзі шешеді. Аталған жер учаскесі кондоминимумға кірмейді. Сондықтан тұрғындардың меншігіне жатпайды", - дейді "Highvill service" компаниясының заңгерлері.

Айта кетейік, Facebook әлеуметтік желісінде "Highvill"-дің тұрғындары өз наразылықтарын білдіріп, көліктерін үйдің кіреберісіне жақын қоя алмай жүргендерін жеткізді. Өйткені бұрынғы жерден ақылы автотұрақ ашылған.

Соңғы жаңалықтар