Хильберто Рамирес Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші орта салмақтағы WBO рейтингіндегі нөмірі бірінші боксшы, мексикалық Хильберто Рамирес жеңіліп көрмеген орта салмақ боксшысы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді, деп жазды Sports.kz.

Хильберто Рамирес Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

- Мен Головкинмен күш сынасқым келеді, себебі ол мықты. Мен өз санатымдағы үздіктермен ғана бақ сынасқым келеді. Сенімен жұдырықтасқым келеді, Геннадий. Айқасты 9 сәуірге белгілегіміз келеді, - деді Рамирес esnewsreporting берген сұхбатында.

Головкин мен Канело Альварес айқасында кім жеңуі мүмкін деген сұраққа, Хильберто былай жауап берді:

- Шын жүрегіммен мексикалыққа болысамын, алайда Головкин мықты.