Хиллари Клинтон АҚШ президентінің тағы үшін таласын бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ елінің бұрынғы мемлекеттік хатшысы, Демократиялық партияның көрнекті қайраткері Хиллари Клинтон ханым 2016 жылдың қараша айында өтетін АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысатыны туралы жариялады.
АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтонның жұбайының ел басқару тағы үшін таласқа түсетіні туралы жексенбі күні оның кеңесшісі Джон Подеста хабарлады, деп жазады ТАСС.