Хиллари Клинтон АҚШ-тың сыртқы саясатындағы дипломатияның ролін күшейтпек

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ-тың Мемлекеттік хатшылығына номинант Хиллари Клинтон Американың сыртқы саясатындағы дипломатияның ролін күшейтпек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Клинтон ханым АҚШ Конгресінде оның кандидатурасын бекіту бойынша өткен тыңдауда мәлім етті. Байқаушылардың пікірінше, Хиллари Клинтонның заңнамашылар мақұлдауын алуға барлық мүмкіндігі бар. «Америка басты жаһандық проблемаларды өз күшімен шеше алмайды және әлем де ол проблемаларды Америкасыз шеше алмайды», - деп санайды Клинтон ханым. Конгресте сөйлеген сөзінде Х.Клинтон, Таяу Шығыста «ақылды әрекет ету» стратегиясына және Ресеймен ынтымақтастыққа шақырды.
Соңғы жаңалықтар