Хиллари Клинтон есінен танып, құлап қалды
АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон есінен танып құлап қалды, соның салдарынан миы шайқалған,
деп хабарлады Agence France-Presse американдық сыртқы саясат ведомствосының өкілі Филипп Рейнске сілтеме жасай отырып.
Оның сөзіне қарағанда, Хиллари «асқазан дертінен» зардап шеккен.
Қазіргі уақытта 65 жастағы мемлекеттік хатшы дәрігерлердің қадағалауында.
Айта кетейік, өткен аптада Хиллари Клинтон денсаулығының нашарлауына байланысты Солтүстік Африкаға сапарын кейінге қалдырған болатын.