20:24, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Хиллари Клинтон Индонезияға келді
ВАШИНГТОН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Азия елдері бойынша сапарын жалғастыруда. Жапониядан ол бүгін екі күндік сапармен Индонезияға келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Әлемнің ең мұсылманы көп елді жаңа Мемлекеттік хатшының алғашқы шетелдік сапарының бағытына қосуы кездейсоқтық емес: АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонның ислам әлемімен қатынасын жақсартуға әрекет жасайтыны туралы мәлімдеген болатын. Индонезиядан кейін Клинтон Оңтүстік Корея мен Қытайға табан тірейді.