Хиллари Клинтон жиені үшін президенттікке үміткерліктен бас тартпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті тағына ең басты үміткерлердің бірі Хиллари Клинтон қызы сәбилі болғаннан кейін саясаттан кетуі мүмкін, деп жазады rosbalt.ru.
«Күзде мен әже атанам. Бұл менің өмірімді түбегейлі өзгертеді. Ол кезде өзімді қалай сезінетінімді білмеймін. Мен әже болудың қандай екенін сезінгім келеді. Менің әже болғым келеді», - дейді 66 жасар Клинтон.
Экс-президент Билл Клинтонның жалғыз қызы Челси өзінің жүкті екенін сәуір айында хабарлаған болатын. Болашақ ата мен әже жыл аяғында жиен немересі өмірге келеді деп күтетіндіктерін айтқан.
Айта кетейік, бұрынғы мемлекеттік хатшы өзінің президент сайлауына қатысатын-қатыспайтыны жайлы нақты жауабын жыл соңында беруге тиіс.