Хиллари Клинтонға аяқ киім лақтырған әйел қамауға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегаста АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонға аяқ киім лақтырған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды gazeta.ru.
Оқиға бұрынғы мемхатшы «Мандалай бэй» қонақүйінде дәріс оқып жатқан кезде орын алған. Клинтонға еш зақым келген жоқ әрі ол бұл жағдайды әзілмен қабылдады.
Соған қарамастан, оқиға орнына полиция келіп, бәтеңке лақтырған әйелді қамауға алып кетті. Әзірге ол әйелдің есімі жарияланбай отыр. Оның неге лақтырғаны да әзірге белгісіз.