Химиктер күні: жамбылдықтар өз кәсіби мерекелерін атап өтуде

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Химия өнеркәсібінің кәсіби мерекесі - химиктер күні Жамбыл облысында аталып өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аймақ тұрғындарын құттықтай отырып, облыс әкімі Бөрібай Жексембин іс жүзінде әрбір жамбылдықтың отбасында осы саламен байланысты адамдар бар екенін атап өтті, оларға облыстың және мемлекеттің экономикасына қосқан еңбек үлесі үшін үлкен алғысын білдірді.«Қазақстан химия өндірісінің көшбасшысы ? «Қазфосфат» ЖШС ? қазіргідей күрделі кезеңде де өз әлеуетін ұлғайта отырып, шығаратын өнімдерінің көлемін жылма-жыл үдете түсуде. Әлемдік дағдарыстың салдарларына қарамастан компания еңбек ұжымын және әлеуметтік кепілдіктерді сақтап отыр, бірқатар ірі жобаларды іске асыру үшін Қазақстан мен Ресейдің жетекші зерттеу, жобалау институттарымен келіссөздер жүргізуде.Тағы бір ірі химия өндірісінің инвесторы ? «ЕуроХим» Ресей минералдық-химия компаниясы Қаратау қаласында фосфор минералдық тыңайтқыштарын шығаратын зауыт құрылысын салуды жоспарлап отыр. Онда 4 мың жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.Мемлекет өз тарапынан химия өндірісіне үлкен қолдау көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы қазанда облысқа жасаған жұмыс сапары барысында химия саласын дамыту жөніндегі кеңесте отандық химия өндірісін дамытудағы бірқатар маңызды міндеттерді алға қойған болатын.Нәтижесінде химия өндірісіндегі инвестициялық жобаларды дамыту бойынша «Жол картасы» әзірленді, кәсіби химик-кадрларды даярлау бойынша оқу орталығы ашылды, оларға деген қажеттілік 2009-2015 жылдары 2,5 мың адамды құрайтын болады. Таразда 600 орындық кәсіби лицейдің құрылысы қолға алынды, ол үшін республикалық бюджеттен 993 млн. теңге көзделді.Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде еліміз басшылығы қазақстандық кәсіпорындардың өзара іс-қимылдарын кеңейтуге ықпал ететін ірі тауар өндірушілер жөнінде қамқорлық танытып келеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ, «Қазақстан агроодағы» қауымдастығы» және «Қазфосфат» ЖШС арасында еліміз ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді 5,1 млрд. теңге соманың 64,5 мың тонна минералдық тыңайтқыштарымен (аммофос) қамтамасыз ету жөнінде меморандумға қол қойды.«Нұр Отан» ХДП кезектен тыс XII съезінде Мемлекет басшысы еліміздің индустриялық-техникалық дамуының жаңа стратегиялық бағыттарын белгілеп берді. Онда химия өндірісінің маңызды рөлі атап көрсетілді», ? деді Б.Жексембин.
Соңғы жаңалықтар