Химия бойынша Нобель сыйлығын Америка ғалымдары иеленді

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылы Мартин Карплюс, Майкл Левитт және Ари Воршел химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды. 1970 жылдары ғалымдар үштігі химиялық үрдістерді түсінуге және болжауға мүкіндік беретін қуатты бағдарламаларды құрудың негізін салды, деп хабарлады РБК.
None
None

Реакциялар жай оғындай шапшаң жүреді, ал 2013 жылғы лауреаттар әдістерінің көмегімен үрдісті бақылау және жаңадан жасау жеңілірек болды. Бұл жаңалықтар зерттеу үрдісінде Ньютонның классикалық фундаменталды физикасын кванттық физикамен біріктіруге мүмкіндік берді.

Биыл Нобель сыйлығына басты үміткерлердің бірі ретінде Ресей химигі Валерий Фокин мен тағы екі клик-химия саласындағы ғылыми жаңалықтардың авторластары аталған болатын. Мұндай болжамды Thomson Reuters агенттігі жасап еді, алайда олардың бұл болжамдары расталмады.

Өткен жылы химия бойынша Нобель сыйлығын Америка ғалымдары Роберт Лефковиц пен Брайан Кобилка иеленіп еді. Олар G-ақуызбен қабаттасқан рецепторларды зерттегені үшін марапатталды. Ғалымдардың жұмысы жаңа дәрі-дәрмектерді жасап шығаруға мүмкіндік береді. Зерттеушілер сезім тетіктерін жан-жақты сипаттап берген.

Р.Лефковицтің сөзіне қарағанда, ол зерттеген рецепторлар "жасуша қақпасы" болып табылады, олар адамның ыстыққа және суыққа әрекет етуіне мүмкіндік береді, оған қоса, эмоцияны реттейді. Олар ағзадағы барлық физиологиялық үрдістерді реттеуге қатысады. Ағзадағы зат алмасуды адам басқара алады. Адамдарды емдеу үшін рецепторлардың қасиетін білу маңызды.

Нобель сыйлығы әйгілі ғылыми зерттеулер, революциялық өнертабыстар немесе мәдениетке немесе қоғамды дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін 1901 жылдан бастап берілуде. Алтын медаль және ақшалай сыйлық алты бағыт бойынша табысталады. Олар: физика, химия, физиология және медицина, әдебиет, экономика және бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға ықпал ету.

2011 жылға дейін ақшалай сыйақы 10 млн крон болса, 2013 жылдан бері 8 млн швед кронын (1,2 млн АҚШ доллары) құрайды. 2012 жылы жазда Нобель қорының директорлар кеңесі "қор капиталын ұзақ мерзімді келешекке сақтау" қажеттілігіне байланысты ақшалай сыйақыны 20%-ға қысқартуға шешім қабылдады. Осло қаласында тапсырылатын Бейбітшілік сыйақысын қоспағанда сыйақыларды тапсыру рәсімі Стокгольмде өтеді.

Соңғы жаңалықтар