Химия өндірісі шикізатының 45% экспортқа терең өңделмей шығарылады

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет басшысы Олжас Бектенов химия саласы өнімдерін сыртқа шикізат емес, дайын өнім ретінде шығару керектігін айтты. 

Химия өндірісі шикізатының 45% экспортқа терең өңделмей шығарылады
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Шикізатты терең өңдеу бағытында саланың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Күрделі өнім шығару көлемі әлі де төмен. Шикізат ресурстары мен мұнай бағасы құбылып тұрған қазіргі жағдайда өңдеу көлемін ұлғайтып, дайын өнімді сыртқы нарыққа шығу керек. Бұл экономиканың қуатын арттырып, сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Осы орайда Премьер-министр мұнай-химия саласын дамыту бойынша алдағы міндеттерге тоқталды.

— Бүгінде химия өндірісі саласы шикізатының шамамен 45% терең өңделмей, бірден экспортқа шығарылады. Еліміз жыл сайын 800 мың тоннаға жуық фосфорит шикізатын экспорттайды. Өнеркәсіп министрлігі шикізатты қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық жаңа жобаларға жеке инвестиция тарту үшін жағдай жасауы қажет, — дейді Үкімет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы заң жобасы әзірленіп жатыр

Соңғы жаңалықтар