Химиядан Халықаралық олимпиада Киевтен Мәскеуге ауыстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасы бұрын жоспарланғандай, Киевте емес, Мәскеуде өтетін болды. Бұл туралы олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап РБК хабарлады.

Химиядан Халықаралық олимпиада Киевтен Мәскеуге ауыстырылды

«Биылғы жылғы Олимпиада жеребе тарту бойынша Киевте өтуі тиіс еді, алайда белгілі оқиғаларға байланысты оны Мәскеу қабылдайтын болды», - деп хабарлады шараны ұйымдастырушылар.

Олимпиада 12 мамырда өтеді, оған әлемнің 16 елінен 100-ге тарта мектеп түлектері қатыспақ.