Хитроу әуежайын күзеткен қаршығаны ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаскүнемдер Лондондағы Хитроу әуежайының ұшу-қону жолағын басқа құстардан күзетіп жүрген Майло есімді алты жасар қаршығаны ұрлап әкеткен. Бұл туралы 3 ақпан күні Sky News телеарнасы хабарлады.
None
None

Оқиға әуежайдың жанындағы көлік тұрағында орын алған. Бейнебақылау таспаларына үш ер адамның ішінде қаршыға болған көліктің шынысын сындырып, оны ішінен алып шыққаны түсіп қалған. Полиция болған оқиғаны тергеу үстінде.

Қаршығаның иесі құсты өзіне қайтаратын адамға 1 мың фунт стерлинг көлемінде сыйақы беретінін жариялады.


фото:ria.ru

Соңғы жаңалықтар