Хитроу әуежайына қонар сәтте ұшақ дронмен соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіде күндіз Лондонның Хитроу әуежайына қонар сәтте British Airways авиакомпаниясының ұшағын дрон соқты

Хитроу әуежайына қонар сәтте ұшақ дронмен соқтығысты

Женевадан шыққан A-320 аэробусы бұған қарамастан аман-есен қонды. Бортта 132 жолаушы болған.

Корабль командирінің Лондон полициясына хабарлауынша, ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас обьект ұшақтың алдыңғы жағынан соққан.

Полиция келеңсіз жағдайға байланысты тергеуді бастады.