Хижниченко мен Каньяс Ресей немесе Израиль клубтарына кетуі мүмкін

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» командасының үздік футболшылары Сергей Хижниченко мен Роджер Каньясқа ресейлік және израильдік клубтар қызығушылық танытуда. Бұл туралы goals.by сайтына берген сұхбатында белоруссиялық футбол агенті Валерий Исаев мәлім етті, деп хабарлайды vesti.kz сайты.

Хижниченко мен Каньяс Ресей немесе Израиль клубтарына кетуі мүмкін

Футболшылар туралы әңгіме қозғалған кезде ол С.Хижниченко мен Р.Каньясқа ресейлік премьер-лиганың клубтары қарайлап жүргендерін айтты. Исаевтың сөзіне қарағанда, «Шахтер» футболшыларын Израильге де орналастыру мүмкіндігі болған. Олардың трансфері 1-1,2 млн. АҚШ долларына тең. «Бұл ресейліктер үшін көп ақша емес», - дейді В.Исаев.