Хижниченко польшалық «Корона» футбол клубымен келісімшартқа отырды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - 22 жасар Өскемен футболының түлегі және «Шахтер» клубының шабуылшысы Сергей Хижниченко Польшаның «Корона» клубына ауысты.

Хижниченко польшалық «Корона» футбол клубымен келісімшартқа отырды

Келісімшарт мерзімі 2014 жылдың желтоқсанына дейін бекітілген.

Еске сала кетейік, Қазақстан Премьер-лигасында С.Хижниченко 128 матч өткізіп, 34 доп соқты.