ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тетігін Астана және Алматы жоғары оқу орындарының студенттері зерттейді
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат -Тиісті меморандумға ХҚКО РМК мен «Туран-Астана» университеті және Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Экономикалық колледжі қол қойды.
2014 жылдан бастап Т.Рысқұлов атындағы Казақ экономикалық университетінің негізінде сабақ өткізу жоспарланған.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы Бағдат Мусин айтуынша, «ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету негіздері» пәні негізінде студенттер «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында тәжірибелік білім алатын болады.
Айтылған пән бойынша оқу-әдістемелік кешен әзірленген және «Әлеуметтік қызмет көрсету», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Құқықтану» факультеттерінің студенттеріне ХҚКО РМК ғылыми дәрежесі және халыққа қызмет көрсету орталықтары жүйесінде жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер дәріс береді. Теориялық сабақтардан басқа Алматы қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» РМК аудандық бөлімшелерінде студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі ұйымдастырылған.
Жоғары оқу орындарымен әрекеттесу тетігін және сабақ беру әдістерін өтегеннен кейін алынған тәжірибені басқа да оқу орындарда қолдану жоспарланып отыр. Болашақта ҚР Білім және ғылым министрлігіне «Мемлекеттік қызметтер» жаңа мамандығын ашу және оны «ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар классификаторына» енгізу ұсынылады.