ХҚКО-да талон беретін аппарат клиенттердің Ashyq-тағы мәртебесін тексереді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында клиенттердің мәртебесі талон берілер алдында тексерілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ashyq қосымшасының арқасында ХҚКО-да азаматтардың мәртебесі талонды берер алдында автоматты түрде тексерілетін болады.

«Бұл шешім қандай да бір себептермен Ashyq-ты смартфон арқылы пайдалана алмайтын клиенттерге ыңғайлы болу үшін қабылданды. Мемлекеттік қызметтерді тек қауіпсіз немесе бейтарап мәртебесі бар азаматтар ғана ала алады. Егер қауіпті мәртебе анықталса, талон берілмейді», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар бұрынғыдай ғимараттың есігіндегі QR-код арқылы Ashyq жүйесіндегі мәртебені тексеріп орталыққа кіруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша ХҚКО-лар 14 маусымнан бастап Ashyq жүйесі арқылы клиенттерді қабылдауға көшкен.


Соңғы жаңалықтар