ХҚКО-ға ең көп баратындар қай өңірде тұрады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандықтар ХҚКО-ға 2,5 миллионнан астам өтініш берген. Мекемеге жүгіну бойынша Алматы көш бастады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, биылғы жылдың III тоқсанында Қазақстан тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін 2,5 миллионнан астам өтініш берген.
Бұл ретте мемлекеттік корпорация өтініштер саны ең көп өңірлер қатарын анықтады.
— Бірінші орында Алматы қаласы тұр. Мұнда 531 324 өтініш қабылданған. Екінші орында — Астана қаласы, онда 256 739 өтініш тіркелген. Үшінші орында 217 327 өтініш тіркелген Түркістан облысы тұр. Ал Ұлытау облысы осы кезеңде тіркелген өтініштер саны бойынша ең соңғы орында, — делінген хабарламада.
Осыған дейін ХҚКО-ға жүгінудің 79 пайызын құрайтын 10 қызмет онлайн форматқа көшірілгенін жаздық.