ХҚКО инспекторы пара алу кезінде ұсталды

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Алматы облысындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» инспекторы 500 АҚШ доллары көлеміндегі пара алу кезінде ұсталды.

ХҚКО инспекторы пара алу кезінде ұсталды

Бұл туралы бүгін дәстүрлі брифинг отырысы барысында ҚР ІІМ-нің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Алматы облысындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Іле аудандық филиалында орын алды.

Инспектор жер теліміне қажетті құжаттарды рәсімдеп беруге қаражат талап еткен. Алматы облысы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері дереу қимылының арқасында парақор қызметкердің бұл ісі әшкереленді.