Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ХҚКО қызметкері: 12 сағаттық жұмыс ауыр тиіп жатқан жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстандағы бүкіл қалаларда халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 сағаттық жұмыс кестесіне ауысты. Астана қаласы Сарыарқа ауданына қарасты халыққа қызмет көрсету орталығы  5-ші  бөлімінің маманы Жұлдыз Нұрғазина 12 сағат болса да, ауыспалы кезекпен жұмыс істеу ыңғайлы дейді.

ХҚКО қызметкері: 12 сағаттық жұмыс ауыр тиіп жатқан жоқ

null

«Шаршап жатқан жоқпыз. Қазір бірнеше кезекпен жұмыс істеудеміз. Жалпы, қызметкерлерге өте ыңғайлы жұмыс кестесі ұсынылып отыр. Кезекпен ауысып жұмыс істейміз, әрі түскі асқа арналған үзіліс бар»,-дейді қызметкер. 

null  

Оның айтуынша, уақытша тіркеуге тұру науқанына байланысты, ХҚКО-ларға келетін адамдар көбейген. Дегенмен, көп кезек жоқ, дейді Ж.Нұрғазина.

null  

«Мен өзім күніне 40-50 адамды қабылдаймын. Үлгеріп жатырмын. Кезек көп емес, дегенмен, түскі үзіліс кезінде және кешкі сағат 17.00-ге қарай адам саны көбейеді»,-дейді ол.

null  

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстандағы қалалардың барлығында халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 сағаттық жұмыс кестесіне ауысты. Сағат 8.00-20.00 аралығында жұмыс істеу кестесіне көшкен ХҚКО-лар тізімін мына жерден оқи аласыздар.

null null