ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда ХҚКО-лардың мерекелік күндердегі жұмыс кестесі жарияланды.

Адреса дежурных ЦОНов изменятся в Астане и нескольких регионах Казахстана
Фото: gov4c.kz

— Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді. 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО-лар сағат 9:00–ден 13:00–ге дейін азаматтарды қабылдайды, — делінген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарламасында.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00–ден 12:00–ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00–ге дейін беріледі. 

Сейсенбі, 27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді. 

Бұған дейін ХҚКО-ға жүгінудің 79 пайызын құрайтын 10 қызмет онлайн форматқа көшірілгенін жазғанбыз.