ХҚКО-лардың ақпараттық жүйесі оңтайландырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының базалық ақпараттық жүйесі жыл соңына дейін жаңартылады. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ХҚКО-лардың ақпараттық жүйесі оңтайландырылады

«ХҚКО-ларда кезек неліктен пайда болады? Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және оператордың ғана проблемасы емес. Өйткені, оның қызметке қанша уақыт жұмсау қажеттігі туралы нақты жазылған регламенті бар. Бұл проблема ақпараттық жүйенің жұмыс істемей қалуынан туындайды. Ол үнемі жаңартып отыруды қажет етеді. Бірде бір ақпараттық жүйе тікелей мемлекеттік корпорацияға тиесілі емес. Ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдарға тиесілі. Әрбір мемлекеттік орган өзінің ақпараттық жүйесін балалар, денсаулық, жұмысқа орналастыру сынды салалар бойынша жүргізеді. Өкінішке орай барлық негативті мемлекеттік корпорация қызметкерлері алады»,- деді ол.

Министрдің дерегінше, ағымдағы жылдың басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінде 35 сағаттық іркіліс тіркелген.

«Егер ақпараттық жүйе 5 немесе 10 минут жұмыс істемейтін болса, онда үлкен кезек пайда болады. Біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз және жылдың соңына дейін базалық ақпараттық жүйені жаңартып, оларды оңтайландырамыз деп үміттенеміз», - деді Дәурен Абаев.