«ХҚКО» РМК бас директоры тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі А. Исекешевтің бұйрығымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның бас директоры болып Әсемгүл Серікқызы Балташева тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Әсемгүл Балташева С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Бухгалтер-аудитор» мамандығы бойынша және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика-Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
Тағайындалғанға дейін «ХҚКО» РМК бас директорының қызметтерді автоматтандыру және ХҚКО қызметін ұйымдастыру жөніндегі орынбасары, «ХҚКО» РМК Павлодар облысы бойынша филиалының директоры болып жұмыс атқарды.
1997-2011 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясында түрлі лауазымдарда жұмыс жасаған.
2013 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтқаны үшін ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды.