ХҚКО жұмысын үйлестіру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы тағайындалды

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің бұйрығымен Байланыс және ақпарат министрлігінің Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын үйлестіру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына Бақыт Әбішев тағайындалды.

ХҚКО жұмысын үйлестіру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы тағайындалды

Бұл туралы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бақыт Әбішев 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ Мемлекеттік Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Жоғары соты жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің қызметін атқарған.

Б.Әбішевтің тағайындалуы Байланыс және ақпарат министрлігінің алдына қойылған ХҚКО жұмысын ұйымдастыру және бақылау жөніндегі жаңа міндеттерге байланысты. Бақыт Әбішев ХҚКО-мен жұмыс тәжірибесі 2007 жылдан басталғанын атап өту керек. Бұдан бұрын ол ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының қызметін атқарған.

Комитет төрағасының орынбасарлары болып Бағдат Мусин және Руслан Мағзұмов тағайындалды.