ХҚО-ларда эстрада жұлдыздары қызмет көрсететін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, яғни 24 тамыз күні Астана мен Алматы қалаларындағы, Ақмола мен Алматы облысындағы ХҚО-ларда халыққа қызметті эстрада жұлдыздары көрсететін болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ХҚО-ларда эстрада жұлдыздары қызмет көрсететін болды

«2018 жылдың 24 тамызында шоу-бизнестің жұлдыздары мен қоғам қайраткерлері азаматтарға қызмет көрсетеді. Олар Астана мен Алматы қалаларындағы, Ақмола мен Алматы облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бір күн жұмыс істейтін болады», - деп жазды ол.

Оның жазуынша, әрбір фронт-кеңседе жобаның екі қатысушысы қатысатын болады.