«Хоббит» - тарихтағы ең қымбат кино
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хоббит» фантастикалық фильмі кинематография тарихындағы ең қымбат көркем фильм атанды. Оны түсіруге 745 млн. доллар қаржы жұмсылған, деп хабарлады «Росбалт».
«Хоббит» фильмі әсем табиғаты мен фильм сюжеттеріне сәйкес келетіндіктен Жаңа Зеландияда түсірілген. Ең қызығы, фильм өзіне жұмсалған шығынды толығымен ақтап шыққан. Оны түсірушілер, өз есептері бойынша, фильмнен тіпті, пайда да тапқан.