Хохоттағы Гран При турниріне Қазақстаннан 10 дзюдошы қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 маусым мен 2 шілде аралығында Қытайдың Хохот қаласында дзюдодан кезекті халықаралық Гран При турнирі өтеді, деп жазады Массагет.кз.

Хохоттағы Гран При турниріне Қазақстаннан 10 дзюдошы қатысады

Аталмыш Гран Приге Қазақстан құрамасынан 10 дзюдошы қатысады.

Ерлер:

Рустам Ибраев (60 кг)

Бауыржан Жауынтаев (60 кг)

Бекәділ Шаймерденов (73 кг)

Айдын Дартаев (73 кг)

Ерсұлтан Мұзаппаров (81 кг)

Дәулетхан Жақыпов (90 кг)

Әділ Оразбаев (+100 кг)

Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг)

Әйелдер:

Ділбар Өмірәлиева (63 кг)

Зере Бектасқызы (70 кг)

Хохоттағы жарысқа ұлттық құраманы жаттықтырушылар Қален Қалиұлы, Ермек Әлжанов және Мәлік Жүнісбеков бастап барады.