Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ХОК 2018 жылғы Олимпиадаға КХДР спортшыларын тіркеу мерзімін ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиадалық комитет  (ХОК)  КХДР спортшылары үшін 2018 жылғы Ойындарға тіркеу мерзімін ұзартты.

ХОК 2018 жылғы Олимпиадаға КХДР спортшыларын тіркеу мерзімін ұзартты

Бірақ қай күн екендігі айтылмай отыр.  Әзірше олимпиадаға жалғыз жолдаманы жұптық мәнерлеп сырғанаушылар -  Тхэ Ок Ем мен Чу Сик Ким жеңіп алды, деп хабарлайды ТАСС. Олимпиадалық ойындарға іріктеуден тағы бірнеше атлет өтуі мүмкін, .

Айта кеткен жөн, Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы келіссөз 9 қаңтар күні сағат жергілікті уақытпен 10-да басталады.

Олимпиадалық  ойындар Пхёнчханда 2018 жылы 9 ақпан мен 25 ақпан аралығында өтеді.