ХОК Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің орнына жаңа ұйым құрылуы қажеттігін мәлім етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәселе қалыпқа келтірілуі тиіс Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) беделінде емес, мәселе Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) беделінде.
Барлық талаптарға сай келетін жаңа ұйым құрудың амалын табу керек, деп мәлімдеді ХОК мүшесі, израильдік Алекс Гилади ұйым сессиясында.
Осыған дейін ХОК басшысы Томас Бах WADA қызметін қайта қарау керек екенін айтқан болатын, деп хабарлады РИА Новости.
"Ричард Паундты (WADA экс-басшысы) сыйлаймын, оны 30 жыл танимын. Алайда мәселе қалыпқа келтірілуі тиіс Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) беделінде емес. Мұнда WADA беделі сөз болып отыр. Бұл жағдайда мәселелерді қайта қарау әдісін тауып, барлық талаптарға жауап беретін ұйым құру амалын қарастырамыз деп үміттенемін", - деді Гилади.