ХОК Токиодағы жазғы Олимпиада-2020 белгісінің плагиат екеніне қатысты айыптарды жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) вице-президенті Джон Коутс Токиода 2020 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындары белгісі дизайнының плагиат екендігіне қатысты айыптарды жоққа шығарды, деп жазады РИА «Новости».
None
None

2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының белгілерін таныстырудың ресми рәсімі 24 шілдеде болып өтті. Токиодағы алдағы Олимпиаданың белгісі ақ түске салынған қара, қызыл, алтындатылған түсті қарапайым геометриялық фигуралардан орындалып, стильге келтірілген «Т» әрпі болды. Кейіннен 2020 жылғы Ойындардың белгісі бельгиялық Льеж театрының логотипіне ұқсас екені анықталды, оның авторы, дизайнер Оливье Доби Токиодағы Олимпиада белгісін қайтарып алуды немесе өзгертуді талап етпек екенін хабарлады.

«ХОК мен «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті барлық тіркелген белгілерді хабарландыруға дейін тексерді. Бельгиядағы логотиптің авторлық құқықтары жоқ болып шықты. Біз бәрін зерттеп, бұл проблема болмайтынына сенімдіміз», - деп келтіреді Коутстың сөздерін insidethegames.biz. Бұған дейін «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті белгі дизайнының плагиат екендігін жоққа шығарғаны туралы мәлімдеме жасаған.

Соңғы жаңалықтар