Хокинг ақырзаманның нақты қашан болатынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық ғалым Стивен Хокинг алдағы мыңжылдықта ақырзаманның болатыны жайлы болжам айтты. Осындай мәлімдемені Оксфорд студенттерінің пікірсайыс қоғамында сөйлеген сөзінде жасады, Lenta.ru The Daily Mail-ге сілтеме жасап жазады.

Хокинг ақырзаманның нақты қашан болатынын айтты

Ғалымдардың пікірінше, Жер шарындағы тіршілік жасанды ой-өрістің немесе генетикалық вирусты жасаудың салдарынан, ядролық соғыстың күшінен жойылады.

Хокинг, әдетінше, адамдарды басқа ғаламшарға қашуға шақырып, шалғай ғарышқа ұшу үшін дамыған технологияны жасау қажеттігін атап өтті. Атақты физик студенттердің алдындағы сөйлеген сөзінде тыңдаушыларға аяқтарына қарамай, бастарын көтеріп, аспандағы жұлдыздарды тамашалауға шақырды.

Сондай-ақ, зерттеуші соңғы 50 жылда ғылымның алға жылжып, адамзаттың бүкіл әлемді түсіне бастағанын тілге тиек етті. Хокинг осындай теорияларды жасауға қатысқаны үшін қуанышты екенін жеткізді. Сөз соңында ғалым «қандай болмасын, Үлкен жарылысты көзбен көру» үшін, жақын болашақта ғалымдардың гравитациялық толқынды қолданатынына үміттенетінін айтты.