Хоккей-2016 бойынша Қазақстан Кубогы өтетін күн мен орны анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Клубтар басшыларының жыл сайынғы кеңесінде хоккей-2016 бойынша Қазақстан Кубогы өтетін күн мен орны анықталды, деп хабарлады Қазақстандық шайбалы хоккей федерациясы.

Жарыстар ағымдағы жылғы 22-29 тамыз күндері Павлодар мен Көкшетауда өтеді.

«А» тобында «Бейбарыс», «Ертіс», «Номад», «Алматы», ШҚО,  ал «Б» тобында «Арлан», «Құлагер», «Теміртау», «Горняк», «Астана» ойнайды.

Финалдық жарыстар Павлодарда өтпек.

 

Соңғы жаңалықтар