Хоккей: Әлем чемпионатына баратын ұлттық құрама сапында кімдер бар

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Шайбалы хоккейден Чехияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы белгілі болды.

2024 жылғы әлем чемпионаты Чехияда 10-26 мамыр аралығында өтеді.

Тізімге жалпы есебі 38 ойыншы енген. Қазіргі таңда команда мүшелері Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Қақпашылар: Желал-Ад-Дин Әмірбеков («Номад», Астана), Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де - «Барыс», Астана), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау)

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров (барлығы - «Барыс», Астана), Данил Бутенко, Мади Диханбек, Кирилл Никитин, Хақназар Кеңесбай, Артем Королев (барлығы – «Номад», Астана), Дмитрий Бреус («Чайка», Нижний Новгород), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск), Кирилл Полохов («Арлан», Көкшетау)

Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Абай Маңғысбаев, Николай Шульга (барлығы – «Номад», Астана), Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Александр Борисевич, Аңсар Шайхмедденов (барлығы - «Барыс»), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников (екеуі де– «Арлан», Көкшетау), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де – «Металлург», Магнитогорск), Кирилл Панюков («Амур», Хабаровск).

Бас бапкер – Ғалым Мамбеталиев.

Чехиядағы Әлем чемпионатына баратын 25 хоккейшінің (3 қақпашы, 22 алаңдағы ойыншы) тізімі кейінірек белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар