ХОККЕЙ: Әлем чемпионатының финалында Финляндия мен Ресей кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден әлем чемпионатында Финляндия құрамасы Чехия командасын ұтып, финалға өтті. Енді олар ақтық сайыста Ресей құрамасымен тартысқа түсетін болады.

ХОККЕЙ: Әлем чемпионатының финалында Финляндия мен Ресей кездеседі

Финляндия «Минск-Аренада» өткен кездесуде чехиялық қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты.

Ал ресейліктер жартылай финалда 3:1 есебімен шведтерден басым түсті.

Енді әлем чемпионатының жеңімпазы жексенбіде өтетін финалдық кездесуде анықталатын болады.