09:34, 22 Мамыр 2019 | GMT +5
Хоккей: Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне кімдер өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Словакияда өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезең ойындары аяқталып, плей-офф сынына жолдама алған командалар белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ресей, Швеция, Швейцария, АҚШ, Германия, Канада, Финляндия, Чехия құрамалары жартылай финалға өтетін мықтыларды өзара анықтамақ.
Плей-офф кезеңінде төмендегі командалар кездеседі:
Ресей - АҚШ
Канада - Швейцария;
Финляндия - Швеция;
Чехия - Германия.
Матчтар 23 мамыр күні басталады.