ХОККЕЙ: Әлем чемпионатының ширек финалына шыққан командалар айқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан төрт команда белгілі болды.
Сейсенбі күні кешке топтық кезеңдегі соңғы екі матч өтті. Ресей құрамасы жарыс иесі Беларусь командасын 2:1 есебімен ұтса, екінші кездесуде Чехия құрамасы 5:4 есебімен овертаймда Франция командасын сүріндірді.
Ширек финалға шыққан жұптар:
Канада - Финляндия,
АҚШ - Чехия,
Ресей - Франция,
Швеция - Беларусь.
Ширек финалдық ойындар 22 мамыр күні өтеді.