Хоккей: Астанада «HOKEI MEIRAMY 2024» ғаламат фестивалі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – 27 сәуір күні Астанадағы «Барыс-Аренада» стадионында тарихтағы алғашқы «HOKEI MEIRAMY 2024» ғаламат фестивалі өтеді.

фестиваль
Фото: Хоккей федерациясы

Бұл хоккей мейрамындағы басты оқиға 3х3 форматындағы турнир болмақ. Оған Қазақстан хоккейінің қаймақтары мен басқа да жұлдыздар қатысады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның хоккей федерациясы QHL-дың бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірге ел тарихында алғаш рет «1XBET HOKEI MEIRAMY 2024» ғаламат фестивалі өтетінін жария еткен болатын.

Хоккей мерекесі «Барыс-Аренада» өтеді және «1XBET HOKEI MEIRAMY 2024» фестиваліндегі басты оқиға 3х3 форматындағы турнир болмақ. Оған қазақстандық хоккейдің беткеұстарлары, ҚХЛ мен Pro Hokei Ligasy-ның қазіргі ойыншылары, жұлдыздар қатыспақ.

Турнирге келесі төрт команда қатысады: «Легенды», «PRO», «Астана» және Қазақстан құрамасы.

Командалар құрамы мен бапкерлер штабтарын жақын күндерде жарияламақ. 

Турнир аясында төрт кездесу: жартылай финалдар, үшінші орынды анықтайтын матч пен финал өтеді. Матчтардың форматы: 10 минуттық жалпы уақыттан екі кезең. Ойындар 3-ке 3 хоккейінің ережелері бойынша өтеді.

Матчтардың үзілістері кезінде көрермендер үшін рэп-орындаушы V $ X V PRiNCE (Асха Принц) пен басқа да іс-шара қонақтарының қатысуымен концерттік бағдарлама жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар