Хоккей: Астаналық «Барыс» омбылық «Авангардпен» ойынын өткізіп, қарсыласынан басым түсті
sp; АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайының мұз айдынында «Барыс» омбылық «Авангардпен» ойынын өткізіп, қарсыласынан басым түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ойын нәтижесі овертайм бойынша шешілді. Алаң иелері 3:2 есебімен омбылықтарға басымдықдықтарын көрсетті. Атап айтқанда, «Барыс» командасының ішінде жақсы ойын нәтижесімен Т. Жайлауов, К. Даллмэн және М. Спириднов ерекшелене білді.
Енді Қазақстан командасы Андрей Шаяновтың жетекшілігімен қарашаның 22-сінде қарсыласы ресейлік «Сібір» клубымен кездеседі. Ойын Новосибирск қаласында өтеді.