Хоккей: астаналық «Барыс» «Сібірге» екінші рет есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында Астананың «Барысы» жексенбі күні өз айдынында «Сібір» (Новосібір) командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Бұл жолы айдын иелерінің қақпасын Сергей Кудрявцев қорғады. Бастапқыда «Барыс» хоккейшілерінің гол соғатындай мүмкіндіктері болғанымен, оны пайдалана алмады. Есесіне 8-минутта қонақтардан Николай Демидов өз командасын алға шығарды. Ал 14-минутта «Сібір» командасы сан басымдылығын пайдаланып, Иван Верещагин есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның екінші кезеңінде Владислав Наумов үшінші голды соқты. Матч аяқталуға таман Вячеслав Основин бос қалған қақпаны дәл көздеді.

Осылайша, «Сібір» 4:0 есебімен жеңіске жетті. Мұның алдында 15 қыркүйек күні новосібірліктер «Барысты» 3:1 есебімен тізе бүктірген болатын. Бұл ойыннан кейін 19 ұпай жинаған «Сібір» командасы турнир кестесінде «Барысты» қуып жетті.

Қатарынан екі жеңілістен кейін ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында бесінші орынға сырғыған астаналықтар келесі кездесуін елордада 21 қыркүйек күні «Динамо» (Минск) командасымен өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар