12:08, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Хоккей: Астаналықтар «Ақ барыстан» тағы да ұтылып қалды
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астананың «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы ширек финалының екінші матчында да Қазанның «Ақ барысынан» ұтылып қалды. Кеше Қазанда өткен ойын 4:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Енді үшінші кездесу ертең Астанада өтеді. Егер бұл ойында «Барыс» жеңіске жетіп жатса, командалар жеңімпазды анықтау үшін тағы да кездесетін болады. Айта кетейік, бұл кезеңде (ширек финал) клубтар үш мәрте жеңіске жеткенше ойнайды.