16:32, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Хоккей: Астананың «Барысы» Хабаровскінің «Амур» командасын жеңді
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Құрлықтық хоккей лигасында сынға түсіп жатқан Астананың «Барыс» клубы кеше өз алаңында Хабаровскінің «Амур» командасын қабылдап, буллиттар сериясында 5:4 есебімен жеңіске жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Плей-оффтағы орынға талас көзқарасы тұрғысынан алғанда, «Барыс» аса маңызды жеңіске қол жеткізді. Осы жеңісінен кейін «Барыс» турнир кестесіндегі 16-шы орынын сақтап қалды. Бұл біздің командаға наурызда өтетін Гагарин кубогы үшін жарысқа қатысуға құқық береді.