Хоккей: Астананың «Барысы» қатарынан бес матчты өз алаңында өткізеді

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы маусымдағы қалған бес матчын өз алаңында өткізеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алдымен біздің хоккейшілер ақпанның 20-да Ресейдің екі дүркін чемпионы - Қазанның «Ақ Барыс» клубын қабылдайды. Одан кейін ақпанның 22-де Тольяттидің «Лада», 23-де Нижнекамскінің «Нефтехимик», 25-де Нижний Новгородтың «Торпедо», ал 26-да Чеховтың «Витязь» командаларымен мұз айдынына шығады. Атап өтерлігі, астаналық клубты «плей-офф» зонасынан небәрі үш ұпай бөліп тұр. Егер «Барыс» өз алаңындағы бес ойынды тәуір өткізетін болса, «плей-офф» зонасында қалуға мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда біздің команда наурызда өтетін Гагарин кубогы үшін жарысқа қатыса алады.
Соңғы жаңалықтар